
Қуатты үнемдеу
Батареяны толық зарядтап, зарядтағышты құрылғыдан ажыратқанда,
зарядтағышты қабырға розеткасынан да ажыратуды ұмытпаңыз.
Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
•
Қолданбаларды, қызметтерді және қосылымдарды пайдаланбаған кезде
оларды жабыңыз немесе сөндіріңіз.
•
Экранның жарықтығын азайтыңыз.
•
Егер құрылғыда қуатты үнемдеу режимі бар болса, оны кішкене жұмыссыз
тұрғаннан кейін қуатты үнемдеу режиміне өтетіндей етіп қойыңыз.
•
Пернетақта үні сияқты керексіз дыбыстарды өшіріп тастаңыз. Құрылғының
дыбыс деңгейін орташа деңгейге қойыңыз.