
Карталар мен GPS
Құрылғыда ішкі GPS антеннасы жоқ. GPS байланысын қажет ететін қолданбаны
пайдалану үшін үйлесімді сыртқы GPS қабылдағышын (қосымша құрал бөлек
сатылады) қолданыңыз. Сымсыз Bluetooth технологиясын пайдаланып GPS
қабылдағышы мен құрылғыны жалғаңыз. Қосымша ақпаратты GPS
құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Сіз Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесін (GPS) Карталар қолданбасын
қолдану үшін пайдалана аласыз. Тұрған жеріңізді анықтаңыз немесе қашықтығын
өлшеп, координаталарын беріңіз.
Құрылғыңызды сыртқы GPS қабылдағышымен жалғаған соң, тұрған орныңызды
құрылғыдан көрсетуге бірнеше минут кетуі мүмкін.
Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесі (GPS) оның дәлдігі мен жүзеге асуын
қамтамасыз етуде жауапты болып табылатын Америка Құрама Штаттары
үкіметімен басқарылады. Орналасқан жерді табу деректерінің нақтылығына
Америка Құрама Штаттары үкіметі орындайтын және Америка Құрама
Штаттарының азаматтық қорғаныс Департаментімен GPS саясатына және
Федералдық Радионавигациялық Жоспарға сәйкес өзгертілуі мүмкін GPS
жерсеріктерінің дұрыс орналаспауы дәлдікке әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар,
дәлдігіне жерсерігі орбитасы геометриясының ақаулықтары да әсер етуі мүмкін.
30
Карталар

GPS сигналдарының қолжетімділігі мен сапасына сіздің орналасу орныңыз,
ғимараттар, табиғат ортасы және ауа райы да әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары
ғимараттардың ішінде немесе жердің астында қатынаулы болмауы мүмкін және
бетон және металл сияқты материалдардан әлсіреуі мүмкін.
GPS құрылғысы нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланылмайды,
орынды анықтау немесе навигация үшін тек GPS қабылдағышынан және ұялы
радио желілерден алынған деректерге ешқашан сенбеу керек.