Nokia 2730 classic - Карталар

background image

Карталар

Карталарды пайдаланып, түрлі қалалар мен мемлекеттерді шолу, мекенжайлар

мен көңілді жерлерді іздеу, бір орналасудан басқасына жолды жоспарлау,

орналасуларды қада ретінде сақтап қою және оларды сыйысымды құрылғыларға

жіберу мүмкін.
Барлық дерлік сандық картография деректері кейбір жерлерде ақаулы және

толық емес болады. Ешқашан осы құрылғыны пайдалану үшін жүктеп алған

картография деректеріне өзіне ғана сеніп қалмаңыз.
Ескерім: Карталар, жерсеріктен суреттер, дауысты файлдар, нұсқаулар немесе

жол қозғалысы туралы ақпарат сияқты мазмұнды жүктеу үлкен көлемде берілетін

деректерді қамтуы мүмкін (желі қызметі).

Жерсеріктен суреттер, нұсқаулар, ауа райы және жол қозғалысы туралы ақпарат

сияқты мазмұнды және осыған қатысты қызметтерді Nokia корпорациясынан

тәуелсіз үшінші тараптар жасайды. Бұл мазмұнның біразы дәл және толық

болмауы мүмкін және бар болуына байланысты. Ешқашан тек жоғарыда аталған

мазмұнға және оларға қатысты қызметтерге сенім білдірмеңіз.

Карта қолданбасын пайдалану үшін Мәзір > Карталар тармағын және бар

опциялардың бірін таңдаңыз.